Бүгінде ШҚО-да 363 елді мекен бар. Соның 171-нің бас жоспарлары, даму және құрылыс схемалары бар болса, ал 192 ауылдық елді мекен бойынша қала құрылысы құжаттамасы жоқ екені баспасөз маслихатында белгілі болды.
Бұл өз кезегінде жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, елді мекеннің топографиялық кезекші жоспарын жүргізу кезінде проблемалар туғызатынын басқарма басшысы алға тартты.
– 2022 жылғы 24 ақпанда облыс әкімдігінің қаулысымен облыс елді мекендердің бас жоспарларын, даму және құрылыс сызбаларын, әзірлеу және түзету жөніндегі жол картасы қабылданды, оған сәйкес облыс әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы қаулысына сәйкес өзгерістермен 2025 жылға дейін 163 перспективалы және маңызды елді мекендердің бас жоспарларын дамыту және түзету, сызбаларын әзірлеу жоспарланған, – деді Надежда Михейлис.
2023 жылы бекітілген Жол картасына сәйкес елді мекендердің 46 бас жоспарын әзірлеу міндеті тұр.
Облыс бойынша Өскемен және Зайсан қалаларында жаңартылған бас жоспары бар, ал Риддер, Алтай, Серебрянск, Шемонаиха бойынша түзетулер қажет ететінін брифингте спикер айтып өтті.
«Мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа тәртібі мен қала құрылысы жобаларын әзірлеу, түзету облыс қалаларының ретсіз, нүктелі және тығыз құрылыстарына жол бермеуді қамтамасыз етеді» деді ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис.