ШҚО-да 13 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі өзгерді

Қаракөз Амантай 16 сәу. 2026 11:06

Шығыс Қазақстан облысында 13 жастағы қызды зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі өзгертілді. Өскемен қаласында іс апелляциялық тәртіппен қайта қаралып, сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы 31 арна мәлімдеді. Жәбірленуші тараптың туыстарының сөзінше, 30 жастағы ер адам мектеп оқушысын далаға шығарып, сол жерде оған зорлық көрсеткен. Алайда бірінші сатыдағы сот бұл оқиғаны екі жақтың келісімімен болған деп бағалап, айыпты "Зорлау" бабынан "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу" бабына ауыстырған. Соның нәтижесінде ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылған.

Қыздың жақындары бұл үкімді әділетсіз деп бағалап, жазаны қатаңдатуды талап еткен.

Кейін апелляциялық сот істі қайта қарап, сотталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove