ШҚО әкімі Республика күніне арналған марапаттау рәсімінде өңірдің жетістіктеріне тоқталды

Жарбол Кентұлы 24 қаз. 2024 14:46 2723

Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада аймақ басшысы Ермек Көшербаев Қазақстанның берік басқару жүйесі, тұрақты экономикасы мен белсенді сыртқы саясаты қалыптасқан мемлекет ретінде дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

– Соңғы бес жылда елімізде саяси жүйені түбегейлі өзгерту арқылы ауқымды реформалар жүргізілді. Азаматтардың қоғамдық санасы жаңғырып, құқықтық мәдениет деңгейі артты. Жаңа мінез-құлық үлгілері қалыптасып, құндылықтар орнығуда, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ Ермек Көшербаев өңірде үкімет ашықтығы мен азаматтық қоғам институттарымен серіктестік назардан тыс қалмағанын айтады. Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу қоғамдық әлеуетті мобилицазиялау мен ресурстарды кезең-кезеңімен пайдалануды талап етеді.
Аса маңызды жобалардың бірі – Орталық Азиядағы ең ұзын өткел саналатын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің ашылуы.

– Бұл көпір жеті ауданды біріктірді. Ол еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтып, өңір дамуына үлес қосады, - деді Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ қараша айында титан қожын шығаратын зауыт құрылысы бойынша «IREL Limited» үнділік компаниясымен келісімшартқа қол қойылмақ. Бұл қазақстандық титанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

– Республиканың барлық жетістіктері – тұтас қоғамның бірлігі мен ерең еңбегінің жемісі, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Жиын соңында ол жоғары жетістіктерге ұмтылудың қаншалықты маңызды екенін айтып, қазақстандықтарға жылы лебізін білдірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар