Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиында биылғы жылы тұрғын үйді пайдалануға беру мәселесі қаралды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамовтың мәліметінше, 2025 жылға облыс бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 380 мың шаршы метрді құрайды, бұл жоспардың 94,7%-ын құрайды (67%-ы – көпқабатты үйлер, 33%-ы – жеке тұрғын үйлер). Негізгі үлес Өскемен қаласына тиесілі – 285 мың шаршы метр немесе жалпы көлемнің 75%-ын құрайды.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 146 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал екінші жартыжылдықта 234 мың шаршы метрді енгізу жоспарлануда.
«Биыл 40 мың шаршы метрді құрайтын 539 жалдамалы пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұл 229 көпбалалы отбасын және 310 әлеуметтік осал топтағы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Руфат Акрамов.
Жобаға қатысты «Бірқабатты Шығыс» жобасы аясында 350 пәтердің ішінен 304-інің құрылысы басталды. Алайда Алтай, Үлкен Нарын және Ұлан аудандарында түрлі себептерге байланысты 46 пәтердің құрылысы басталмаған. Бұл жағдай үйлерді уақытылы пайдалануға беруге және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге қауіп төндіреді.
6 ай ішінде Зайсан және Күршім аудандарында 11 пәтер пайдалануға берілді, Глубокое ауданында тағы алты пәтер пайдалануға беруге дайын.
Сонымен қатар, 2022 жылдан бері 11 несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін соның тоғызы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Алайда құрылысты аяқтау үшін облыстық бюджеттен қосымша қаржы қажет.
Бұдан бөлек, биыл Өскемен қаласында жалпы ауданы 59 мың шаршы метр болатын тоғыз үйдің құрылысы басталады, сондай-ақ Зайсан ауданында 3 мың шаршы метрді құрайтын 30 пәтерді сатып алу жоспарланған.
Жиын барысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғын үйді уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді, әсіресе Алтай, Үлкен Нарын және Ұлан аудандарында құрылыстың кешеуілдеуін жоюды тапсырды.