Шораев өзіне қатысты айтылған провокацияға жауап қатты

Көркем Алдабергенова 17 мау. 2024 15:09 3067

Белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев "бірге тұратын әйелін соққыға жықты деген" провокацияға жауап қатты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Арман Шораевтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін бірнеше медиада тараған ақпаратқа жауап берді. Оның сөзінше, Козачков жалған ақпарат таратқан. 

"Жасанды интеллекттің құрбаны болдым! Козачков өтірігің үшін жауап бересің!", - дейді Арман Шораев. 

Еске салайық,журналист Михаил Козачков жүктеген видеода ер адам әйел адамды шашынан сүйреп, соққыға жығып, жерге қарай итеріп жібергенін көруге болады. Козачковтың сөзінше, оқиға орнына келген полицейлер видеодағы ер адам - Арман Шораев екенін айтқан. 

Михаил Козачковтың сөзінше, соққы жеген әйел арыз жазудан бас тартқан. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар