Алайда, егер шырша жанса, қандай әрекеттер жасау керектігін біле бермейді. Өрттің пайда болуы үшін бір-ақ ұшқын тұтанса жеткілікті.
Шыршаны қалай қауіпсіз орнату жөнінде ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Рүстем Сембаев айтып берді.
Оның айтуынша, жаңа жылдық ағаштан болатын қауіптердің бірі-оның құлау мүмкіндігі. Сондықтан мереке үшін кішкентай шыршаны таңдау ұсынылады. Ағаш неғұрлым жоғары болса, оны бекіту соғұрлым қиын болады. Шыршаны жылыту құрылғыларынан, радиаторлардың, шамдардан жырақ орнату қажет. Оны тек арнайы жасалған электрлік гирляндалармен безендіру керек. Балалар электр гирляндаларын өз бетінше қоспауы тиіс. Үйден кетіп бара жатқанда, шыршаны электр тоғынан ажырату керек.
ТЖД мамандары арнайы эксперимент жүргізді. Оның барысында өрттің қаншалықты тез таралатынын көрсету үшін жасанды шыршаны өртеді.
- Шырша 20 секундтың ішінде толық жанып кетеді екен. Біз оған арнайы жүргізген эксперимент кезінде көз жеткіздік,-деп атап өтті ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Егер шырша әлі де жанса, сіз жалма-жан әрекет етуіңіз керек. Одан кейін, мүлде өртті сөндіру мүмкіндігі айтарлықтай артады.
- Сіз дереу шыршаны ажыратып, оны еденге құлатуыңыз керек. Өртті сөндіру үшін ешқандай жағдайда суды пайдаланбаңыз. Шыршаны қолда бар құралдармен – гүл құмырасынан жасалған топырақпен, синтетикалық жамылғы немесе көрпемен, егер бар болса өрт сөндіргішпен сөндіруге болады. Оттегінің қол жетімділігін болдырмау қажет. Егер өртті өз бетінше жеңуге тырысу нәтиже бермесе, өрт сөндіру қызметін шақырып, үй – жайдан шығыңыз, қажет болған жағдайда өз пәтерлерінен уақтылы кетіп қалуы үшін көршілеріңізді өрт туралы хабардар етіңіз, - деп хабарлады Рүстем Сембаев.