Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Алдын ала мәліметке сәйкес жүргізушілер арасында туындаған келіспеушілік кейін төбелеске ұласқан. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әр қатысушының әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілмек.
Бұл дерек бойынша "Бұзақылық" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.
