Шымкентте студент қызды өлтірді деген күдікке ілінген адам қамауға алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қала полиция департаментінің хабарлауынша, бұлтартпау шарасын сот бүгін шығарды.
Тергеу жалғасып жатыр. Тергеушілер марқұмның туыстары айтқан барлық нұсқалар мен мәлімдемелерді тексеруде. Қылмыстық істің соңғы құқықтық бағасы сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін беріледі.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте пышақ жарақатынан қайтыс болған 21 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.
Күдікті бойжеткеннің танысы. Полиция "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
