Шымкентте қоластындағыларды ұрған аудан әкімі жазаланды

Көркем Алдабергенова 15 сәу. 2026 09:12

Шымкентте қоластындағыларды ұрған аудан әкімі жазаланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Комиссия шенеуніктің әрекеттерінде заңбұзушылық бар екенін анықтады. Нәтижесінде оған тәртіптік жаза ретінде толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту берілді. Бұл шешімге қала әкімі қол қойған.

Қосымша тексерістер жүргізілген жоқ. Комиссия қорытындысымен шектеліп, мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттігі ескертілді.

Еске салайық, Шымкентте аудан әкімінің қоластындағыларды соққыға жыққан видеосы тараған болатын. Видеоны заңгер Айгүл Орынбек жариялады. Оның сөзінше, оқиға былтыр қазан айында болған. 

Қала әкімдігі аудан әкімінің қоластындағыларды ұрған видеосы тарауына байланысты тексеріс жүргізілетінін мәлімдеген еді. 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove