Шымкентте аудан әкімі қоластындағыларды ұрған: тексеріс жүргізіледі

Көркем Алдабергенова 02 нау. 2026 16:15

Шымкентте қала әкімдігі аудан әкімінің қоластындағыларды ұрған видеосы тарауына байланысты тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аталған дерек бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізіледі.

Қала әкімдігі заңдылықты сақтау, қызметтік әдеп қағидаттарын ұстану және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу ұстанымын басшылыққа алады. Егер таралған бейнежазбада көрсетілген жайттар расталса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Әкімдік тексеру аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамауды сұрады.Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Еске салайық, Шымкентте аудан әкімінің қоластындағыларды соққыға жыққан видеосы тараған болатын. Видеоны заңгер Айгүл Орынбек жариялады. Оның сөзінше, оқиға былтыр қазан айында болған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove