Шымкент қаласы тұрғынының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті жәбірленушіге өзара жақтырмаушылық негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.
Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
"Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткендіктен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қару қолдануға мәжбүр болды", - деді полиция.
Күдікті медициналық мекемеге жеткізілді және полицияның күзетінде.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
