Шымкентте пәтерден үш адам өлі табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Шығыс шағынауданындағы пәтерде болған. Олар бір отбасының үш адамы екені айтылды.
"8 ақпанда сағат 16:36-да 112 қызметіне пәтер тұрғындары қоңырауға ұзақ уақыт бойы жауап бермегені және есікті ашпағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына құтқару тобы жіберілді. Есікті күштеп ашқан құтқарушылар пәтерден үш адамның денесін тапты. Тиісті қызметтер шақырылды", - деді ТЖД өкілі.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы оқиға табиғи газдан уланудан болуы мүмкін.
