Жаңартылған гүлзарға жаңа мәртебе берілді. Енді ол Отбасы аллеясы аталады.
Қайта құру жұмыстары барысында ешқандай бір ағаштарға зақым келген жоқ. Кіреберіс тұстағы қарағаш бұталары саябаққа келушілерді айрықша әсерге бөлейді.
Саябақты қайта құру жұмыстары 2.5 айға созылды. Ол үшін қала бюджетінен 51 миллион теңге қаржы жұмсалды.