Шымкентте көшеде баланы ұрған адам ұсталды

Шымкентте көшеде баланы ұрған адам ұсталды
видео кадры
Шымкентте көшеде баланы ұрған адам ұсталды

Шымкентте көшеде баланы ұрған адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

"Видеодағы адамдар көрші тұратын 10-сынып және 5-сынып оқушылары екені анықталды. Оқиғаға қатысушылар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Тексеріс барысында оқиғаға дейін кәмелетке толмағандар арасында жанжал шыққаны белгілі болды. Осыдан кейін 10-сынып оқушысы оны көшеде кездестіріп, күш қолданған", - деп жазылған хабарламада.

Кәмелетке толмаған оқушының ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды.