Шымкентте жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға келген тұрғын жол апатына түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға кеше қаладағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына қарасты автодромда, «Асар-2» шағынауданында болған. Емтихан тапсырып жатқан үміткер көлікті басқара алмай, салдарынан автокөлік аударылып кеткен.
Арнайы ХҚКО қызметкерлері оқиға орнында дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Зардап шеккен азаматтың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.
Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне әсер етпеген. Қазіргі таңда емтихандар қалыпты режимде жалғасып жатыр.
