Freedom Inside '26

Шымкентте жолдағы төбелесте зардап шеккен екінші адамның жағдайы белгілі болды

Шымкентте жолдағы төбелесте зардап шеккен екінші адамның жағдайы белгілі болды
видео кадры

Шымкентте жолдағы төбелесте зардап шеккен екінші адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сүйенсек, 1990 жылы туған науқас ауыр жағдайда №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

"Науқаста сол жақ кеуде қуысына енетін пышақ жарақаты анықталып, шұғыл түрде операциялық ем жүргізілді. Қазір науқастың жағдайы ауыр, реанимация бөлімінде қарқынды ем қабылдап жатыр", - деді дәрігерлер.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте көшедегі жаппай төбелес адам өлімімен аяқталғаныхабарланды.