– Бүгінде біз мемлекеттік қызметтерді алу үшін барынша қолайлы жағдай жасаудамыз. Біз 10 айдын топ-5 мемлекеттік қызметтерінің рейтингін жасадык. Ең көп сұратылғын қызмет жеке куәлік пен паспорт, оны алу үшін 450 мынға жуық азамат жүгінген, одан кейін автокөлікті қайта тіркеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтері мен ЭЦҚ алу (120 мың цифрлық қолтаңба) ең соңында жүргізуші куәлігін беру қызметі, – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалының директоры Данабек Исабеков.
Сондай- ақ әрбір бөлімде азаматтар өз бетінше электрондық анықтамалар мен электронды қызметтерді ала алатын өз-өзіне қызмет көрсету секторлары жұмыс істейді. Ол үшін азаматтардың электронды цифрлық қолтаңбасы болу қажет. ЭЦҚ-ны онлайн түрде үйде немесе осында халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимаратында алуға болады. Одан бөлек шымкенттіктердің ыңғайлылығы үшін мемлекеттік қызметтің баж алымын кассаға бармай-ақ, QR код арқылы төлеу мүмкіндігі жасалды. Тұрғындар дайын болған құжатты үйлеріне алдырту сервисін пайдаланып, көліктің сақтандыру полисін автоХҚО операторынан бірден рәсімдей алатын болды. Оған қоса бірнеше мемкелекеттік қызметті ХҚО-ға бармай-ақ банк қосымшалары арқылы алу мүмкіндігі туды.
– ХҚО бөлімдері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен жабдықталған. Ал егер клиент қандай да бір себептермен ХҚО-ға бара алмаса, онда сіз біздің қызметкерді үйге шақыра аласыз. Ол үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдыру қажет. Осылайша, 2021 жылы біздің қызметкерлер 1000-нан астам рет клиенттердің үйіне барып қызмет көрсеткен, – деп толықтырды Данабек Исабеков.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 690 мемлекеттік қызмет көрсетеді, электронды үкімет порталы арқылы 645 мемлекеттік қызмет онлайн форматта қолжетімді. Оларды Egov порталы, Egov mobile мобильдік қосымшасы және @Kenes1414Bot телеграмм-бот арқылы өз бетінше алуға болады. Жалпы Шымкент қалалық филиалында 600 қызметкер жұмыс істейді.