Шымкент қаласының бас архитекторы ұсталды - БАҚ

Сағыныш Сардарова 14 там. 2025 12:40

БАҚ-та Шымкент қаласының бас архитекторы ұсталғаны туралы ақпарат тарады,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Orda.kz мәліметінше, Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов бөтеннің мүлкін иемденді деген күдікке ілінген.

"Арман Әбдешов басқарма тізгінін ақпанда ұстап тұрған кезде қала әкімінің орынбасары қызметіне Руслан Берденов тағайындалған. Таңқаларлығы, бас сәулетшінің ұсталған уақыты Руслан Берденовке оқ атқан "Тұрғын үй Шымкент" қалалық компаниясының директоры Ернар Жиембайдың сот процесімен тұспа-тұс келіп отыр", - деп жазды басылым.

Кеше сотта құрылыс басқармасының бір қызметкері Берденов бірнеше рет жиналыс өткізіп, "Антикор" тарапынан тексеріс болатынын ескерткенін айтты. Алайда бұл екі оқиғаның өзара байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар