Осы айдың басынан бері мегаполис жолдарында 30-ға жуық жүргізуші мас күйінде анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Рейд кезінде 9 автокөліктің жүргізушілері алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтартқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іс-шара барысында автокөліктің жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі мәдениеттің төмендігінен және жолдарда өзара сыйластықтың болмауынан қалыптасатын адами фактор болып қалатынын түсіну маңызды.
Көлік жүргізу кезінде маскүнемдік мәселесіне немқұрайлы қарамаңыз және жолда өзін дұрыс ұстамайтын, мас күйінде көлік жүргізетін жүргізушілер туралы уақытылы полицияға хабарлаңыз. Жолдарда абай болыңыз, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз және жол қауіпсіздігі өзімізге байланысты екенін есте сақтаңыз!
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі