– Бүгінге дейін инфекция жұқтырған 4379 науқас дертінен айықты. Олардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдыққан 732 науқас ем алуда. Оның ішінде 18 науқас стационарда емін жалғастыруда, – дейді Т.Варзилов.
24 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5165, оның ішінде 2635 - симптомды, 2530 - симптомсыз.