Шымбұлаққа кімдер тегін және жеңілдікпен кіре алады?

Қаракөз Амантай 13 қаң. 2026 15:30

“Шымбұлақ” тау-шаңғы курортында Regular Season кезеңінің басталуына байланысты High Season кезінде тоқтатылған жеңілдік бағдарламалары қайта күшіне енді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жұмыс күндері зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жандар растаушы құжаттарын ұсынған жағдайда курорт аумағына тегін кіре алады.

Сондай-ақ көпбалалы отбасылар, ардагерлер, еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққан азаматтар және басқа да әлеуметтік осал топ өкілдері жұмыс күндері билеттер мен ски-пасстарды жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігіне ие.

Ал 5 жасқа дейінгі балалар үшін Шымбұлаққа кіру кез келген күні және кез келген маусымда тегін. Бұл үшін кассадан ски-пасс картасын сатып алып, оған нөл сомасында абонемент жүктеу жеткілікті.

Курорт өкілдерінің айтуынша, жыл сайын Шымбұлақ әлеуметтік осал санатқа жататын 190 мыңға жуық қонақты қабылдайды, бұл жалпы келушілердің шамамен 20%-ын құрайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove