1 қаңтардан бері Өскеменде 150 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тіркелді. Бұл өз кезегінде 2020 жылмен салыстырғанда 40 пайызға жоғары. Өткен жылы 115 мың жол ережесін бұзу дерегі анықталған.
ШҚО цифрландыру басқармасының басшысы Марина Гагарина баспасөз конференциясы барысында "Сергек" АӨК жұмысы туралы айтып өтті.
Оның айтуынша, облыс орталығында заң бұзушылықты тіркеу 159 аппараттық-бағдарламалық кешендерде немесе төрт мыңға жуық камера арқылы жүргізіледі. Шамамен 1300 камера Өскемен қаласының аула аумақтарындағы тәртіпті қадағалайды.
Жыл басынан бастап "Сергек" камералары арқылы тоғыз мың әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті.
2020 жылмен салыстырғанда 17 пайызға көп. Бейнебақылау арқылы 137 қылмыстық іс ашылды.
ШҚО-ғы екінші ірі шаһар Семей қаласындада алдағы уақытта "Сергек" АӨК іске қосу жоспарланған. Камералар 74 қиылысты, 40 желілік учаскені қамтуы тиіс. Барлығы 1 390 камера орнатылуы керек.
«Камераларды орнату орындарының тізбесі бекітілді, пилоттық "режимде 10 локацияда 20 камера монтаждалды, олар ШҚО әкімінің ситуациялық орталығымен біріктірілген», деп атап өтті Марина Гагарина.
Бұдан басқа, өңірде ұлттық бейнемониторингтің жүйесі бойынша жоба іске асырылуда, оған сәйкес полиция департаменті бейнебақылау камераларын ұлғайту, сондай-ақ барлық орнатылған камераларды интеграциялау бойынша жол картасын әзірлемек.
Мониторинг жүйесіне барлық объектілер, оның ішінде сауда-ойын-сауық орталықтары енгізілетін болады. Жалпы, бүгінгі таңда облыс бойынша 18 мың бейнебақылау камералары орнатылған.