Шығыста індетке қарсы сақтық шаралары күшейтілді

Dalanews 23 нау. 2020 02:54 735

Шығыс Қазақстанда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан келетін автобус, ұшақ, темір жол және өзге де көлік жолаушыларын түсіру пунктерінің бәрінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тексеру жүргізеді.

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бапсасөз қызметінен хабарлағандай, облысқа келген 10416 жолаушыдан анкета алынған. 185 көлік құралы тексерілген.

– Анкетаға Нұр-Сұлтаннан келген 3942 жолаушы, Алматыдан келген 5117 жолаушы жауап берді. Сонымен қатар Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарадағы бес автокөлік бекетінде және ҚХР-мен шекарадағы екі бекетте санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


Айта кетерлігі, Шығыс Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелген жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар