Шығысқа келген шотландиялық блогер Киран Шаннон: “Ұлттық құндылықтардың дәріптелуіне тәнті болдым”

Dalanews 11 қаз. 2024 16:30 282

“Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалі аясында “Алтай - өнер ордасы” атты концерт өтуде, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Оған облысқа қарасты аудандардан келген көркемөнерпаздар қатысып, ән мен күйді төгілтуде.

Концертті жергілікті және шетелден арнайы келген қонақтар тамашалауда.

Мерекелік шара барысында еліміздің мәдениет саласының үздіктері Есен Маженов, Гүлмира Көпжасарова, Бақытбек Масалиев сынды әншілер көрермен қауымды әуезді әндерімен тербетуде.

- Қазақ халқының өнеріне тәнті болдым. Қазақстанда ұлттық құндылықтар ерекше дәріптеледі екен, - деді шотландиялық блогер Киран Шаннон.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар