Шығыс Қазақстан өңіріндегі көнерген жолдар қайта жаңартылады

Dalanews 15 нау. 2024 16:28 3147

Шығыс Қазақстан облыстағы жолдарды жөндеу бойынша техникалық құжаттамалар дайындалуда, деп хабарлайды Dalanews.kz  ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ақпаратына сүйеніп.

Көлік министрлігінің алдын ала жоспарлары бойынша, ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысын аяқтауға 29 млрд теңге сомасында толық қаржыландыруды қамтамасыз ету, 2024 жылдың соңына дейін көпірді пайдалануға беру жоспарлануда.

2024 жылы Қалбатау-Майқапшағай, Талдықорған-Өскемен, Осинов асуы республикалық жолдарын қайта жаңарту жалғасады.


"ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ республикалық маңызы бар 200 шақырымға жуық жолды, оның ішінде Өскеменнен Шемонаиха, Риддер, Алтай, Семей қалалары бағыттары бойынша жөндеу мәселесін қарастыруда.


Биыл Шемонаиха қаласында Уба өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңғыртуды бастау жоспарлануда, - деп хабарлады ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. - Көпір 1962 жылы салынған. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, көпір апатты деп танылған, көліктің жалпы салмағы бойынша шектеу енгізілген, кері қозғалыс ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта жобалаушыны анықтау бойынша конкурс өткізілуде.


Өскемен қаласында Сәтбаев пен Жібек Жолы даңғылдарының қиылысында көлік айрығының, Пермитин мен Славский көшелерінің қиылысының құрылысы жалғасады, Алматы қаласына шығатын Жібек жолы көшесін, Базовая көшесін қайта жаңарту жобалары аяқталады. Сәуір-мамыр айларында "ҮМЗ" АҚ ауданындағы Үлбі өзені арқылы өтетін Шнайдер көпірін қалпына келтіру жоспарлануда.


Елді мекендердің жолдары мен көшелерін орташа жөндеуге 28,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда, оның шеңберінде шамамен 600 км жол жөндеу күтілуде, оның ішінде:


⠀⠀- облыстық маңызы бар 222 км жол
⠀⠀- аудандық маңызы бар 153 км жол
⠀⠀- елді мекендердің 108 км көшелері
⠀⠀- "Ауыл - ел бесігі" аясында аудандық маңызы бар 88 км көшелер мен жолдар
⠀⠀- аудандардың өз қаражаты есебінен 29 км жолдар мен көшелер жөнделуі тиіс

- Жол жөндеудің әр нысанын жұмыс сапасын Ұлттық сапа орталығы тексеретін болады, - деп мәлімдеді басқармадағылар. - Ауыр жүктердің бақылаусыз қозғалысы салдарынан жолдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық маңызы бар жолдарда салмақтық бақылау жүйелерін орнату мәселесі пысықталуда.


Қазіргі уақытта жолдарды жөндеу бойынша техникалық құжаттаманы дайындаумен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде конкурстық рәсімдер басталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар