Шығыс Қазақстан облысы дәрі-дәрмек сатып алудан бюджеттің 1 млрд. теңгесін үнемдеді

Dalanews 30 нау. 2018 17:31 856

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шорманов журналистермен жүздесуде дәрі-дәрмекті бір дистрибьютордан сатып алу бюджет қаржысын үнемдеуге айтарлықтай жәрдемдескенін алға тартты.



Ол дәрі-дәрмекті сатып алудың орталықтандырылған жүйесінің арқасында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы 1 млрд. теңгені үнемдегенін алға тартты. Жаңа жүйенің арқасында облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірге қажетті дәрі-дәрмекті ардағы делдалдардан емес, бірден өндірушілерден сатып алып, бюджет қаржысын үнемдеген.

– Біздер биылдың өзінде 401 дәріні сатып алуымыз керек болатын. Бүгінде соның 339-ын сатып алып, жоспарымызды 85%-ға орындадық. Алдағы уақытта 62 дәріні сатып алуымыз керек. Сатып алынбаған дәрінің 10 түрін фармкмпаниялар бір қалыпты темпертурада арнайы транспорттық техникалармен жеткізуі тиіс, – деді басқарма басшы.

Жыл басынан бері елімізде онкологиялық аурудың 4-ші дәрежесіне шалдыққан адамдарға берілетін препараттарға қол жетімділік төмендегені белгілі. Бұған қатысты басқарма басшысы:

– Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында онкологиялық ауырудың ең қатерлі түріне шалдыққан 173 адам бар. Оның 43-і наркотикалық препараттарға тәуелді. Науқастар өздеріне қажетті дәрілерді жергілікті жердегі наркологиялық диспансерлер мен күндізгі стационарлардан алып тұрды. Қазіргі таңда біздер дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін жою ісімен айналысып жатырмыз, – деді Марат Шорманов.

Баспасз мәлсихатында Марат Шорманов "СК-Фармация" компаниясымен бірлесіп сатып алған 300 ампул морфинді мұқтаж жандарға таратып жатқанын да алға тартты. Осы ретте ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы "Химфарм" компаниясымен 5 мың дана трамадол ампулсын өңірге жеткізу турсында келісім-шартқа қол қойғандарын да тілге тиек етті. Өз кезегінде Марат Шорманов мұндай жағдай тек қана Шығыс Қазақстан облысында емес, еліміздің барлық өңірінде белең алғанын алға тартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар