«Шевронның» шапағаты

Dalanews 05 қар. 2016 14:59 745

Бүгінде елімізде жұмыс істеп жатқан ірі компаниялар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында әлеуметтік саланың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Әлеуметтік саланы өркендетуде «Шеврон» команиясының атқарған іс-шаралары көптеген компанияларға үлгі-өнеге болары сөзсіз. Жастардың терең білім алуыны, елімізде бұрын-соңды болмаған заманауи мамандарды даярлауда аталмыш компания аянып қалмауда. «Шеврон» компаниясының қолдауымен биыл елімізде алып кемелерді жүргізіп, оған техникалық қызмет көрсететін мамандар ҚБТУ қабырғасында дайындалған болатын. Бұдан басқа «Шеврон» компаниясы еліміздегі түрлі қайырымдық қорларымен бірлесіп, көптеген қайырымды істерге мұрындық болып жүр. Таяуда «Шеврон» компаниясы мен «Аяла» қоғамдық қоры Алматы қаласындағы әлеуметтік мекеме басшыларына заманауи жабдықтардың сертификатын тапсырғанына куә болдық.

dalanews-chevron03Айтулы шара Алматы қаласында орналасқан Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты ғимаратында ұйымдастырылды. Шара барысында бірінші болып Алматы қалалық перинаталдық орталығы қызметкерлері су жаңа медициналық жабдықтың сертификатына ие болды. «Шеврон» компаниясы ӨЖЖ SLE 5000 аппаратын, бес фототерапия аппаратын және бес шприц дозаторын сатып алу үшін 25 650 000 теңге шығындапты. Енді өкпені жасанды желдету аппараты тыныс алу жолдары зақымданған балалардың өмірін сақтауға кеңінен жол ашатын болады. Ал шприц дозаторы науқас адамға ерітінділерді, белсенділігі жоғары емдік дәрілерді, қоректік заттарды бақылап құюға арналған. Фототерапия аппараты нәрестелердің сары ауруын емдеуге арналған.

Алматы қаласының перинаталдық орталығы – Қазақстандағы аса ірі әйелдер босанатын мекеме, ол жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және жоғары тәуекел тобындағы босанатын әйелдерге жоғары білікті акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетуге мамандандырылған. Сондай-ақ, орталық айы-күнінен бұрын туған сәбилерді бағып-күтуге де бағытталғанын айта кетуіміз керек. Жыл сайын Орталықта сегіз мыңға жуық әйел босанады, олардың ішінде 15%-ы – мерзімінен бұрын босанатын әйелдер.

Алматы қалалық перинаталдық орталығы директордың неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Найля Хайруллина хабарлағандай, қазіргі уақытта Орталықтың балалар бөлімшелері медициналық жабдық тапшылығы байқалуда. Мәселен, мекемеде небәрі 10 ӨЖЖ аппараты (қажеттілік – 18 аппарат), 17 шприц дозаторы (қажеттілік – 54), 3 фототерапия шамы (қажеттілік – 9) бар. «Шеврон» компаниясы сыйлаған жаңа жабдық ахуалды барынша жақсартып, дәрігерлерге жүздеген баланың өмірін құтқаруға мүмкіндік береді.

Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған Алматы облыстық №15 мектеп-интернаты балаларының заман талабаны сай білім мен кәсіп алуына мүмкіндік туып отыр. Енді мектеп-интернаттың екі оқу шеберханасы: темір шеберханасы және шаштараз бөлмесі, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық бағдар (ӘТБ) бөлмесі толыққанды жұмыс істеп, жеткіншектерді жаңа кәсіпке баулитын болады. Енді балалар оқып жатқан мекемеден шықпай-ақ, мамандық алуға мүмкіндік алады. «Шеврон» компаниясының қолдауымен бөлмелерге қажетті жабдық, мүкәммал, жиһаз сатып алынғанын өз көзімізбен көрдік. Бұл жобаны іске асыруға 3 953 932 теңге жұмсалыпты.

Өз кезегінде Шеврон компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова:

– Қазақстан жастарының кәсіптік бағдарлануы кәсіпкерлік дағдыларды игерумен қатар компанияның әлеуметтік бағдарламаларының маңызды бөлігі. Жастардың әлеуетін іске асыру, болашақ экономикалық дербестік пен пәрменділіктің озық үлгілерін көрсете білу еліміздің одан әрі дамуы үшін негізгі көрсеткіштер болып табылады деп есептейміз, – деп ойын ортаға салды.

dalanews-chevron04Әлеуметтік-тұрмыстық бағдар бөлмелерінде интернат тәрбиеленушілері тамақ істеу, үстелге ыдыс-аяқты сәйкесінше орналастыру, асүйді және пәтерді ретке келтіру, заманауи тұрмыстық техниканы пайдалануды үйренеді. Мұндай дағдыларды меңгеру балалардың барынша дербес болуына, өзіне өзі қызмет көрсетуіне ықпал етеді.

Алматы облыстық №15 мектеп-интернатында ӘТБ бөлмесін ашқан кезде шеф-аспаздан шеберлік дәрісі, ал шаштараз өнері бөлмесінде кәсіби стилист Лаура Түсеевадан шеберлік дәрісі өтті.

Мұндай қолдауға ақыл-ойы кем балаларға арналған №6 арнайы мектеп-интернатының өрендері де ие болып, білім ордасында қыш шеберханасы ашылды. «Шеврон» компаниясы бөлген қаражатқа бөлмеге тиісті жабдық сатып алынған. Мекемеде «қыш ісі» пәнін білікті түрде үйрету үшін  ұстаз Санкт-Петербург қаласына оқуға барып келді. Жобаның жалпы құны 2 685 916 теңгені құрады.

Бұдан басқа, мектеп-интернатта бүгінгі күннен бастап гүл өсіру бөлмесі пайда болды. «АЯЛА» қайырымдылық қоры стеллаж, мүкәммал, кітаптар, жиһаз және басқа да заттар сатып алған. Барлығы 941 691 теңге жұмсалды. Оның демеушісі де «Шеврон» компаниясы.

– Бұл – біздің «Шеврон» компаниясымен табысты түрде іске асырып жатқан кезекті жобаларымыз. Бес жыл ынтымақтаса жұмыс істеу кезінде біз бірлесіп күш-жігер жұмсай отырып, балаларға арналған 75 білім беру және медициналық мекемелеріне көмектестік. Олардың 28-і Алматыда, 1-уі Астанада және 35-і Ерейментауда орналасқан. Болашақта игі істеріміздің ауқымы тұрақты түрде кеңейеді деп үміттенеміз, – деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова. Шара барысында сөз алған №15 Алматы облыстық мектеп-интернатының директоры Әлия Ақылбекова:

– Бүгінде бізді тәрбиеленушілеріміз бойындағы бұла күшін қажетті арнаға жұмсайтын мүмкіндік туып отырғанына қуанып отырмыз. Балалар тамақ істеу, өздерін дастарқан басында дұрыс ұстау, ыдыс жууды үйренеді. Қыздар өз өнерін шаштараз бөлмесі жанында жұмыс істейтін «АЯЛА» сұлулық салонында көрсете алады. Ұлдар темір шеберханасындағы жұмыспен танысады. Осылайша, балалар болашақта адал еңбегімен нанын тауып жейтін болады, – деп атап өтті Әлия Ақылбекова.

dalanews-chevron02«Шеврон» компаниясының және «АЯЛА» қорының арқасында биыл біздің мекемеде еңбектің жаңа түрлері пайда болады, олар балаларға кейіннен жұмысқа орналасуға көмектеседі. Олар – гүл өсіру және қыш ісі. Қол еңбегінің тамаша терапия екені белгілі. Ал балшықпен жұмыс істеудің көмегімен жан жайбарақаты қалпына келеді. Осындай еңбектің дағдылары біздің қамқорлығымыздағы балаларға болашақта қажет болатынына сеніміміз мол», – деп хабарлады ақыл-ойы кем балаларға арналған № 6 арнайы (түзету) мектеп-интернаты директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Светлана Своеволина.

Жиын барысында мектеп-интернат тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.

Нұрлан ӘУБӘКІР

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар