"Шетелге кетіп қалған...". Алматының бас санитары Біртановты тыңдамаған ба?

Dalanews 14 нау. 2020 06:34 856

Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында дәрігер Қайырғали Көнеев жазды деп хабарлайды Dalanews.kz.




Оның айтуынша 9 наурызда Германиядан келген ұшақ ішінде Алматы қаласының Бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова да болған.

Айта кетелік дәл осы рейстің жолаушысынан коронавирус (COVID-19) анықталған. 


"Біз айтып отырған Алматының Бас санитары коронавирус жұқтырған жолаушымен бірге ұшып келді. Қауіпті індетпен байланысқа түсті.

Бұдан бұрын дәл осы Молдағасымова мен Біртанов халыққа коронавирус анықталған мемлекетке бармауға кеңес берген (оның ішінде Германия бар).

Коронавирус анықталған елден келген азаматтар тиісті санитарлық талапқа сай 14 күні бойы үйде оқшауланып, тысқа шықпауы тиіс.

Ең қызығы Алматының Бас санитары осы талапта бұзып наурыздың 10 күні жұмысқа шыққан!


Бұл жайтты ел естіп, айғай-шу шыға бастағасын алдағы аптадан бастап Молдағасымова "больничныйға" кетпек", – дейді дәрігер.

Оның айтуынша Алматының Бас санитары елге ұшып келгесін ертесіне жұмысқа шыққан. 10-13 наурыз аралығында дәрігерлерді жинап жиын өткізген, аурухана аралаған, басқа да меморгандарға, оның ішінде әкімдік мен Нұр Отанға барған.

"Осы уақыттың ішінде жүздеген адаммен жүздесіп үлгерді.

Баршаға міндетті санитарлық талапты Бас санитардың өзі сақтамағаны қалай? Вирус жұқтырған жолаушымен бір ұшақта отырғанын біле тұра, өзін-өзін неге оқшауламады?


Бұл қаскүнемдік қой! Меморгандар, оның ішінде әкімдік мен Нұр Отанға бас сұққан Молдағасымова Парижден түскен тапсырманы орындап жүрген жоқ па?", - дейді дәрігер бұл іске Әблязовтың қатысы барын меңзеп.

Дәрігер биліктен 9-12 наурыздың аралығында ұшып келгендердің тізімін ел-жұртқа көрсетуді талап етіп отыр.


Бұдан бұрын министр Біртанов халыққа үйде отыруға, шетелге шықпауға кеңес берген.

[caption id="attachment_51402" align="aligncenter" width="517"] Қайырғали Көнеев[/caption]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар