Шетелдегі қазақстандықтарға паспорт беру мерзімі қысқаруы мүмкін

Сағыныш Сардарова 26 нау. 2026 11:34

Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтарға паспорт рәсімдеу қызметіне қатысты ережелерге өзгеріс енгізуді ұсынды. Жобаға сәйкес құжат дайындау мерзімі қазіргі 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқармақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сонымен қатар, түзетулер қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіріліп, ескірген нормалар мен сілтемелер алып тасталады.

Құжат 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары мен 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясында әзірленген.

Әзірге жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланып, талқылауға ұсынылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove