Келісімге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов пен IELTS директоры Майя Рахымбекова қол қойды.
– Қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" стипендиясын реформалауға қатысты тапсырмасын орындау бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Алдағы уақытта "Болашақ" стипендиясын ұлттық және жаһандық деңгейдегі сын-қатерлерген және ел экономикасын дамыту басымдық беруі тиіс. Сонымен қатар еліміз үшін шетелде кадрлар даярлау тетіктерін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар әзірлеп жатырымыз, – деді Олжас Сәкенов.
Келісім жасасудың негізгі мақсаты «IDP IELTS Kazakhstan» мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» кандидаттарына тестке тұрақты негізде, сондай-ақ жоғары сұраныс кезеңінде квоталар беруге дайын болуы шарт.
Сондай-ақ, тараптар өзара іс-қимыл жоспарын одан әрі нығайтуға, оның ішінде ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықты арттыруды көздейді.