Шерзат Болаттың өлімі: облыс әкімі Сұлтанғазиев отставкаға кетуі мүмкін бе?

Шерзат Болаттың өлімі: облыс әкімі Сұлтанғазиев отставкаға кетуі мүмкін бе?
Dala подкасттан скриншот
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев отставка мәселесіне қатысты пікір білдірді. БАҚ өкілі шенеуніктен Шерзат ісінен кейін әкімнің қызметі қалай өзгеретінін сұрады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев отставка мәселесіне қатысты пікір білдірді. БАҚ өкілі шенеуніктен Шерзат ісінен кейін әкімнің қызметі қалай өзгеретінін сұрады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыс әкімінің сөзінше, жұмысының бағасын беретін - басқа салалардағы көрсеткіш.

«Бүгінгі күні біздің жұмысымыз тек әлеуметтік желіде тараған жаңалықпен бағаланбайды ғой. Көптеген сала бар: экономикалық сала, әлеуметтік сала. Сондай тұрғыдан халық,  басшыларымыз өзі бағасын берер», - дейді Сұлтанғазиев.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат көз жұмды.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 11 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Көп ұзамай, яғни 9 желтоқсанда марқұм Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев ажал құшты. Полиция департаментінің алдын ала деректері бойынша, ол суицид жасаған. Оған дәлел ретінде полицейлер Нұрқанаттың туысына мессенджер арқылы жазған хатын жария етті. 

Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, жиенінің жанына жерлеуді сұраған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.