Интернет-конференцияда агенттік басшысына мемлекеттік қызметшілердің қызмет көлігін түскі үзілісте және басқа да жұмыстан тыс уақытта пайдалану қаншалықты заңға сай екендігі туралы сұрақ берілді.
– Таңертең шенеунікті жұмысына жеткізіп салу үшін шамамен 08:30-да үйінен шығады, шамамен 08:45-те бастықты алады да, жұмысына жеткізіп салады. Түс кезінде 13:00-де бастығын алып, үйіне немесе қоғамдық тамақтану орнына апарады. 14:45-те алып, жұмысына қайта апарады. 19:00-де (кейде одан да кеш) бастықты үйіне жеткізіп салу керек. Яғни, жүргізуші күніне орта есеппен 4 рет бастығын жұмыстан тыс уақытта бастығын алып жүреді. Осыған не дейсіз? – деп сұрады Руслан Аташев.
Алик Шпекбаев қызметтік көлікті пайдалану тәртібін әрбір мемлекеттік орган өзі белгілейтінін айтты. «ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы бұйрығына сәйкес, қызметтік және кезекші автомобильдер орталық атқарушы органның жауапты хатшысының немесе мемлекеттік мекеменің басшысының бекітілген бұйрығында белгіленген тәртіпте пайдаланылады», – деді ол.