Шенділердің кабинетінде әлі күнге дейін Назарбаевтың портреті тұр - сарапшы

Dalanews 22 там. 2022 11:53 720

Бұл туралы «Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Бәшімов ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz Baq.kz-ке сілтеп.

"Конституция – ең биік заң тұғыры. Референдум қабылданған күннен бастап басқаның барлығы күшін жояды. Елбасы туралы институт жоқ. Ертең заң қабылдау формальды түрде өтеді. Ал референдум күнінен бастап сана сезім өзгеруі керек. Ал біздің шенеуніктердің төбесінде Елбасының портреті тұрады. Оны шешіп тастау керек. Заңгерлер ол Конституцияға сай келмейтінін айтады", - деді Бәшімов.

Ол атағандай, Бас прокуратураға кітап берілгенін айтты.

"Конституцияға сай емес терминдерді Бас прокуратура бақылап отыруы керек. Елбасы – Конституцияда жоқ термин. Егер бұқаралық шарада жазылса, прокуратура түсіндірме беруі керек. Себебі қазір мода болып кетті. Елбасының баспасөз қызметі хабарлады деп айтады. Бұл конституциялық түсінік емес. Сондықтан бұл жерде прокуратураның ұстанымы нақты болуы керек. 5 маусымнан бастап олар күшіне енеді. Ал заңдарды қабылдауды күтудің қажеті жоқ", - деді ол.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар