Шенді 100 миллион теңге параның соңғы 25 миллионын алып жатқанда ұсталды (видео)

Dalanews 15 шіл. 2017 11:21 826

Батыс Қазақстан облысында МКД ЭТҚ Қаржылық саладағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының заңсыз ұйымдарды тергеу бөлімінің жетекшісі ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап. 

"13 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық істі тоқтату және ары қарай қолдау көрсету үшін 25 миллион теңге көлемінде параның соңғы бөлігін алу кезінде БҚО бойынша МКД ЭТҚ Қаржылық саладағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының заңсыз ұйымдарды тергеу бөлімінің жетекшісі Н. Урналиевті ұстады", – делінген хабарламада.  Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, параның жалпы көлемі 101 миллион теңге болған.  Қазіргі кезде күдікті Орал қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

https://www.youtube.com/watch?v=0O7ojXcRNNs

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар