Министрдің айтуынша, қылмыскер оның автокөлігін иемденбек болған.
– Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасынан шығып, ҰҚК Департаментіне жеткен соң, қылмыскер жол жиегіндегі полиция автомашинасын көреді. Сол арада машинадан шығады да, онда отырған полиция қызметкерлеріне оқ жаудырады. Соның салдарынан бір полиция қызметкері ауыр жарақат алып, екіншісі оқиға орнында қаза тапты. Осы сәтте ҰҚК Департаментінің кезекшісі қылмыскерге оқ ата бастайды. Атыс барысында қылмыскерді алып келген жүргізуші оқиға орнынан қашып құтылған. Ал қылмыскер әрі қарай жүгіріп, ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшісі, аға лейтенантты көріп, оның машинасын тартып алуға әрекет жасайды. Мұнысынан түк шықпаған соң, шекара қызметкеріне қарсы оқ атып, оны сол жерде өлімші етіп жаралайды. Осы сәтте сол жерден өтіп бара жатқан бір азаматтық тұлғаны да жарақаттайды. Алған жарақаттан қала тұрғыны да көз жұмды, – деді Қ. Қасымов.
Осылайша, қазіргі ресми мәлімет бойынша, қанды оқиға салдарынан 3 полиция қызметкері, 1 азаматтық тұлға, 1 шекара қызметкері қаза тауып, 6 полиция қызметкері мен 3 азаматтық тұлға жарақат алды.
Автор: Айбота Жаппарберген
Қазақпарат