Алматылық тұрғындар Республика сарайында ресейлік әртіс Вячаслав Бутусовтың үлкен концерт беретініне наразы болды, деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп.
Алматыдағы Республика сарайында ресейлік әртіс Вячеслав Бутусовтың үлкен концерті өтеді деп жоспарланған. Шара 2 сәуірге жоспарланған.
- Сәуірде Республика сарайында Бутусов үлкен концерт бермекші екен. 90-жылдары «бір шынжырға байланғандар» мен «хаки түске тапталған әлем» туралы ән айтқан Бутусовтың өзі. Ал 2022 жылы ол Украинаға басып кіру туралы берген сұхбатында: «Меніңше, Украинадағы қақтығысты тек біраз уақытқа шегеруге болатын еді, бірақ ол бәрібір болатын қақтығыс еді» деген еді. Сол сөзі үшін 2022 жылы Хельсинкиде өтетін концерті болмай қалды. Ал 2023 жылы Мәскеудегі Лужники стадионында өткен «патриоттық» концертте жаңа «Орден Славы» тобымен бірге өнер көрсетті.
(...) Ел емес, империяның бір шетінде қалған аймақ секілдіміз. Біресе Бородавкин (РФ елшісі) Астана төрінде әскери насихат жүргізеді. Республика сарайын Росконцерт мәдениет үйі деп өзгертіп жіберсек қайтеді? Несіне қысыламыз? Шегі жоқ бір масқара болды ғой…, деп наразылығын білдірді Алматы тұрғыны Ардақ Букеева.
Тұрғынның бұл жазбасын желі қолданушылары қолдап, “үкіметте абырой жоғын” жазған.
Бутусов туралы
Вячеслав Бутусов - кеңестік және ресейлік рок-музыкант, әнші, композитор, жазушы, қоғам қайраткері, актер, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. Nautilus Pompilius, U-Piter және Order of Slavy рок-топтарының жетекшісі және вокалисі.