Әлеуметтік желіде журналист Жарқын Өтешованың жазғанын оқып осы ойымызды өзгертуге тура келді. Осы шараға шақырылмай, шетқақпай көргендер де бар екен. Кім дейсіз бе? Шаханов. Қиырдағы қандастар түгел танитын әйгілі ақын құрылтайдан шет қалыпты.
"Ал, халқым! Құлап қалма! Құрылтайға делегат Мұхтар Шахановты жоғарғы жақтан нұсқау келді деп, пойызға билет алып қойған жерден қалдырып кетті.
"Жоғарғы жақ" кім? Елбасы Мұхтар Шахановты Құрылтайға шақырма деп, айтпағаны анық! Сонда кім?
Осы хабарды Елбасына кім жеткізер екен?! Біз аналар еркек тудық па, тумадық па? Қандастардың басы қосылатын жерге халық ақыны, әлем ақыны неге бармайды? Абайды ұрып, Біржанды қазыққа арқанмен байлар заман қайтып келді ме?", – деп жазыпты журналист.
Сөзінің жаны бар. Бұған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшысы Талғат Мамашев не дер екен? Құрылтайдан Шахановты сырт қалдырудың қандай қажеті бар? Шахановты шетқақпайлағандар ол қандай шындықты айтады деп қауіптеніп отыр? Белгісіз...
Айтпақшы "Шыңжаң қазақтарының қамалып жатқаны" туралы мәліметке қатысты Азаттық сұрағына Дүниежүзі қазақтары құрылтайының басшысы Талғат Мамашев былай жауап беріпті...
[video width="1280" height="720" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2017/06/88c30f2b-9a87-46e6-8e16-d8b6cb3322e9_hq.mp4"][/video]