Шахановқа "қастандық" жасалды

Dalanews 11 там. 2021 13:55 658

«Той қазақтың қазынасы» деген сөз бар ғой. Той бұрын қазақтың қазынасы болса болған шығар? Қазір олай айтуға ауызың бармайды. Қазақ Тәуелсіздік алған 30 жылда той тойлап, думандатуды артығымен орындадық. Енді есін жиатын кез келді.

 

Қазақ той тойлаудан жалықпады ма?

Тәуелсіздігімізді алғалы бер той жасаумен келеміз. Иә, тәуелсіздікті алуымыз үлкен қауыныш. Оған қуанып, шаттану керек шығар. Бірақ қуанышты көңіл-күйдің де басылып, етек-жеңді жинайтын кезі болады ғой.

Абайдың 150 жылдығы, Жамбылдың бәлен жылдығы Тараз бен Түркістанның мыңжылдық тойы, Астананың тойы, Домбыра күні, бұған Алғыс айту күні мен қаптаған қала күндерін қосыңыз. Қазақстанның ЕЫҚҰ-ға төрағалығы мен ЭКСПО-да сол тойлардың кебін кигенін білеміз.


Осы тойлардан қазаққа қандай жақсылық, нендей қайыр болды? Ешқандай да жақсылық көрмедік. Егер жақсылық көрсеңіздер оны айтыңыздар. Біле жүрейік.

Еліміз Тәуелсіздікке ие болған жылдар қалалы жерде тұратын өзге ұлттар шағын қоймаларды, гараж бен жертөлелерді, өндірістік базаларды жекешеленідіріп кафе, дүкенге айналдырды. Тұрмыс-жағдайын жақсартты. Бұл үшін оларды айыптамаймын. Біз тойға айналғанда, олар осылай жағдайын жақсартып, тіршілік етудің қамына кірісті. Оларға Абайдың 150 жылдығы, Тараз бен Түркістанның мың жылдық тойы түк те қызы емес қой.

Біздер бәйге шаптырып, айтыс өткізіп той тойлағанша сол уақытта кеңес өкіметінен қалған ен-байлыққа ие болып қалуымыз керек еді. Оның орнына той тойлап, далақтап, далбасалап жүрдік.

 

Шахановқа жасалған қастадық қой

Зиялылыармыз да «бұ қалай» деп әңгіме айтудың орнына әр облысты аралып, шапан киіп, ас ішіп, аяқ босатудан қолдары босамады. Әңгіменің ашығын айтсақ, зиялылардың әлі күнге дейін той тойлаудан қолдары босаған жоқ. Жақын-жуықта той тойлаудан бас тартатын зиялылардың да қарасы байқалмайды.

Пандемия кезінде ел кезіп, той жағалаған талай ақын-жазушылар мен әнші-күйшілер өмірден өткені осы сөзімізге дәлел болады. Егер солар тыныш үйлерінде отырса, дымда болмас еді. Құдай да «сақтансаң сақтаймын» деген ғой. Бұл сөзді құлаққа ілген зиялыны көрмедім.

Күні кеше ғана әлеуметтік желіде белгілі ақынымыз Мұхтар Шахановтың бір ауылға барып, үлкен отырыста (тойдан еш айырмасы жоқ) ақ боз ат мінегіне куә болдық. Қасындағы сауықшыл топ. «Мұхтар ағамыз аттан түспесін!» деп кеу-кеулеп ақының делебесін қозыдырып жүр.

Өткен жылы Шахановтың індет жұқтырып, айдан астам уақыт төсек тартып жатқанын барша қазақ біледі. Бүгінде Шахановтың денсаулығы мәз емес. Оған ұдайы күтіну керек. Соны біле тұра ақынды анда-мында шақырып басын қатерге тіккеніміз не сасқанымыз. Өз басым мұны Шахановқа жасалған қастандық деп қабылдадым.


Амал не, қарапайым халықтан бастап, зиялыларымызға дейін өзгенің есебінен тойға барып, қыдыруды әдетке айналдырды. Бұл әдеттен арылуымыз керек. Әйтпесе жағдай қиын.

 

Зияллар кәмитке алданған бала сияқты

Бүгінде зиялы ағаларымыз сүйегі баяғыда қуарап қалған ата-бабасының бәленбай жылдық торқалы тойын өткізбесе, әкімдік мен Үкіметке дейін шағымданып, шу шығаруы қалыпты дүниеге айналды.

«Бәленбайдың 100 жылдығы, Түгенбайдың 80 жасқа толған тойы неге мемлекеттік деңгейде аталынып өтпеді» деп шала бүлініп, шалшыққа түсіп жатқан зиялыларды көргенде қарның ашады екен.

Егер солар ауыл аудандағы халықтың әлеуметтік мәселесін көтерсе қандай жарасымды болар еді. Дәл қазір ауылдағы ағайын жергілікті жердегі бай-бағландар жайылымның бәрін бауырына басып, су көздерін бұрып алғанын бәріміз білеміз.

Сол ауылдағы тойдың төрінде отырып, ақылгөйситін мүйізі қарағайдай зиялылыар бұл жайында ләм-лим деп ауыз ашқан емес.


Неге елдің жайын айтпайды? Ауылдағы әлеуметтік жағдайды көтерсе, ауылдағы бай-бағландар әлгі зиялыларды той-томалаққа шақырмай адам қатарына қосапайтыны белігілі. Ал бұл біздің зиялылар үшін өліммен тең дүние. Сондықтан зиялы ағаламыз мұндайға көз жұма қарайды. Есесіне ауданның «құрметті азаматы» деген атағын алып, аудан деңгейінде шығатын кітаптаптар аты аталып, суреті басылса жетіп жатыр. Кәмитке алданған бала сияқты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар