Қызылорда облысында өткен көкпар кезінде көлік жылқыларды аяусыз қағып кеткен

Сағыныш Сардарова 04 қар. 2025 10:15

Қызылорда облысында өткен көкпар кезінде көлік жылқыларды аяусыз қағып кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өңірдің Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді. Оқиға 1 қарашада Шиелі ауданы Алғабас ауылында кент тұрғыны ұйымдастырған көкпар ойыны кезінде болған.

"Ойын барысында 102 арнасына ешқандай хабарлама түспеген. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", - деді Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары Ермахан Абдраманов.

ПД мәліметінше, соталды тергеп-тексеру аясында оқиғаға қатысы барлардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Бұдан бөлек, іс-шара ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін ұйымдастырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар