Алматыда күн күрт бұзылады. Қалалық ТЖД азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
4 қарашада таулы аймақтарда қатты жауын-шашын жауып, жел соғады. Алматыда түнде, шамамен сағат 03:00-де жаңбырдың арты қарға ұласады, температура төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін.
"Қаланың қонақтары мен туристеріне тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Үйге қайтар уақытты кешке қалдырмаңыз, күн бұзылуына байланысты қайтар жолды табу қиын болуы мүмкін. Электр желілерінің бүтіндігін тексеріңіз, көлікті ағаштардың астына қоймаңыз. Дұрыс бекітілмеген құрылымдардың астына тұрмаңыз", - деп жазылған хабарламада.
                        
                            