Тюмебаево: Іле ауданындағы ауыл атауы тұрғындар наразылығын тудырды

Тюмебаево: Іле ауданындағы ауыл атауы тұрғындар наразылығын тудырды
видео кадры

Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл атауы тұрғындар наразылығын тудырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Желіде ауылға кіреберістегі белгі көрінетін видео тарады. Кадрда М.Түймебаев ауылы деген кішкентай тақтайшаның астында "Тюмебаево" деген жазу көрінеді.

Әлеуметтік желіде бұл жайт қоғамның наразылығын тудырып, қызу талқыға түсті.

Кейін Іле ауданы әкімдігі бұл жайтты растап, ауылға кіреберістегі белгілер алынғанын мәлімдеді.