Алика Мухамадиеваның адвокаты үкім әділ болғанын айтты

Алика Мухамадиеваның адвокаты үкім әділ болғанын айтты
ашық дереккөз

Алика Мухамадиеваның адвокаты Тимур Солодуха үкім әділ болғанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тимур Солодуха үкім жарияланғаннан кейін пікір білдірген. 

"Ең бастысы – ол бүгін қызымен қауышады. Бұл сот процесі көп адамға ой салып, өзіне тиісті қорытынды жасауға түрткі болады деп ойлаймын", – деді адвокат.

Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының соты Алика Мұхамадиеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған айыптау үкімін шығарды.

Осы үкіммен оған Қылмыстық кодекстің 74-бабының тәртібінде жазаны орындауды кейінге қалдыру шарасы тағайындалды.

Сот үкімімен Мұхамадиева ҚР ҚК-нің 174-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды.

Кейінге қалдыруды қолдануға оның 2 жасар баласының болуы негіз болды.