Қазақстанда жаңадан 10 су қойма салынады

Асель Қайратқызы 04 қар. 2025 10:13

Оңтүстік Қазақстанда 10 жаңа су қоймасы салынады, деп хабарлайды Dalanews.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысы тұрғындарымен өткен есепті кездесуде вегетациялық кезеңнің қорытындысын шығарып, өңірдегі негізгі жобалар туралы айтты.

2028 жылға дейінгі су саласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, облыста 10 жаңа су қоймасын салу және 3 су қоймасын реконструкциялау жоспарланған. Сондай-ақ мамандар 45 гидротехникалық нысанға зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

2026 жылы министрлік Ақмола және Қалғұт су қоймаларының құрылысын, сондай-ақ Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоныз су қоймаларын қайта жаңғыртуды бастайды. Сонымен қатар облыс әкімдігі жеті жаңа нысанға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді қолға алды.

Жергілікті тұрғындар министрге суару арналарының жөнделуіне қатысты сұрақтар қойды. Нұржігітовтің айтуынша, қазір бес ауданда ұзындығы 415 шақырым болатын 76 арнаны қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл 24 мың гектардан астам суырмалы алқапқа су жеткізуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, арналарды қайта жаңғыртудың 23 жобасы аяқталуға жақын. Бұл тағы 19,7 мың гектар егістік алқаптың сумен қамтылуын арттыруға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 103 шақырымнан асатын бес жобаны аяқтау жоспарланып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар