Павлодарда полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz. Polisia.kz сілтеме жасап.
Келеңсіз жағдай автокөлік жуу қызметкерлерінің көмегімен анықталды.
Ер адам автокөлік жуу аумағынан шығып бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, мас болғаны анық байқалған. Мас жүргізуші туралы автокөлік жуу қызметкерлері кезекші бөлімге хабарлаған.
Келген полиция патрулі көлікті тоқтатып, жүргізушінің мас күйде екенін растайтын тексеру өткізді. Заң бұзушыға қатысты хаттама толтырылды.
