Шәріп Серікті Бишімбаевпен байланыстырған видео авторына қатысты полиция шешімі шықты

Көркем Алдабергенова 17 мау. 2025 12:45

Әлеуметтік желіде тараған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен актер Шәріп Серікті жасанды интеллектпен байланыстырып, видео жасаған тұрғынға қатысты полиция шешім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін актер Шәріп Серік полицияға жүгініп, жалған ақпарат тарату мен жала жабу фактісі бойынша шағым түсірген болатын. Алайда, бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғаны белгілі болды.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.

«Аталған факті бойынша тексеру жүргізілді. Видеоматериалды жасау барысында азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық, жеке деректерді қорғау және басқа да құқықтарын бұзу белгілері анықталған жоқ. Құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты арыз қараусыз қалдырылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық танымал актер Шәріп Серік қызды ұрып-соқты деп айыпталды. Полиция осы жағдайға қатысты тексеріс жүргізді. 

Әлия Бутеева есімді қыз желіде сурет-видеолар жариялады. Кадрлардан актер Шәріп Серік қыздың артынан жалаң аяқ жүгіріп шығып, қолынан ұстап, лифттен шығарып алғаны көрінеді.

Қыз беті қызарған суреттерін де жариялады.

Компания мәлімдемесі

Осы оқиғадан кейін Sәlem Entertainment компаниясы актер Шәріп Серікпен әріптестік қарым-қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдады.

"Соңғы оқиғаларға байланысты Sәlem Entertainment ұжымы Шәрип Серікті «қара тізімге» енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты толығымен тоқтатты.

Бұған дейін жарияланған "Шакал" сериалы мен Qarga сериалының үшінші маусымы ресми түрде жабылды. Сонымен қатар, актер Meow сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін сомдауы тиіс болған, алайда ол жобадан толықтай алынып тасталды", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар