Шарын шатқалының жартасты қуыстарында өмір сүретін аса құпия жыртқыштар - манулдар сирек кездесетін сәтте камераға түсіп қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бейнежазбада жабайы табиғаттағы ең сирек әрі ең әсерлі көріністердің бірі - манул күшігінің анасын іздеген сәті байқалады.
Аналық манулдың алдымен айналаны мұқият шолып шыққан. Қауіп жоқ екеніне көзі жеткен соң ол белгі береді. Сол сәтте тас арасындағы көлеңкеден қысқа аяқтарын теңселте басқан үлпілдек марғау көрінеді.
Манул - әлемдегі ең тұйық әрі сирек кездесетін жабайы мысықтардың бірі. Оны табиғатта тірідей көрудің өзі - үлкен олжа саналса, ал аналық пен күшіктің бірге бейнеге түсуі ғалымдар үшін ерекше ғылыми табысқа жатады.
Қазақстанда манул Қызыл кітапқа енгізілген және мемлекет қорғауында. Мамандардың айтуынша, мұндай бейнежазбалар ұлттық парктің экожүйесі тұрақты екенін және сирек кездесетін жыртқыштардың саны біртіндеп қалпына келіп жатқанын дәлелдейді.
