Кітап қорын жергілікті жазушылардың туған өлке тарихынан сыр шерітетін туындыларымен толықтыру және кітап оқырмандарын тарихымызды, мәдениетімізді, ұлттық құндылықтырымызды насихаттайтын туындыларды оқуы үшін сондай-ақ кітаптарды алмасып, пайдалану мақсатында барлық кітапханалардан буккросинг бұрыштары ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетілуде.
Аудандағы барлық кітапханалар, Шардара аудандық тарихи-өлке тану музейі интернет желісіне қосылған, музейдегі экспонаттардың сандық форматқа өтуі жұмыстары 2018 жылға жүргізілетін болады. Өнегелі құндылықтарымызды дамыту, әр елдімекеннің тарихы, жер-су аттары, табиғаты, тарихи-мәдени ескерткіштері және сол ауылда туылған танымал тұлғалар туралы жинақ жасау мақсатында барлық ауылдық мәдениет үйлерінен көрнекілік бұрыштар ашылды. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын кіші жобалар мен іс-шаралар бөлім тарапынан арнайы бекітілген және барлық аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханаларда жалғасын тауып келеді. Өткізіліп жатқан барлық іс-шараларда Елбасымыздың стратегиялық жоспарлы мақаласы көрермендер мен оқырмандарға тұрақты насихатталуда.