Шардараның жуасы ресейлік нарыққа шығады

Dalanews 12 қар. 2018 09:45 1148

Шардарадағы Жаушықұмның жуасы жалпақ жұртқа жақсы таныс. Бұл өнім тіпті, 2013 жылы Мәскеуде өткен жәрмеңкеге «Тұрар» шаруа қожалығы 20 тонна өнім апарып ұсынған болатын.

Айта кетелік, былтырғы жылдан бастап Түркістан облысындағы шардаралық диқандар  инновациялық әдіспен пияз егу жұмыстарын бастап кетті.

Соның бірі 5 жылдан бері пияз егу жұмысымен айналысып келе жатқан «Тұрар» шаруа қожалығы биылғы жылы 35 гектар алқапқа дән сепкен екен. «Ранко» деп аталатын жаңа тұқым сортын егіп жатқан диқандар биылғы жыл жемісті болды дейді.  Өткен жылы шаруалар еккен пияздың гектарына 80 тоннадан өнім алса, биыл гектарына 100 тоннадан астам өнім алған екен.

Айта кетейік, диқандар пияз тұқымын бір мезетте бірнеше жұмысты атқаратын жаңа заманауи техникамен сепкен. Яғни, техника, біріншіден арасы 3 см-ден тұқым тастаса, екіншіден, тамшылатып суғаратын су түтігін қоса көмуде.  Сондай-ақ, бір гектар жерге  6 келідей тұқым кетсе, жоғары сортты тұқымның бір келісі 64 мың теңге тұрады. Жерді жыртудан бастап, жиын-терім науқанына дейінгі жалпы шығынның көлемі әр гектарға 1 млн. 300 мың теңгеден жұмсалады екен. Алайда, түскен өнім кеткен шығынды еселеп жабады дейді диқандар.

 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар