Шардарада «Дарын» дамыту орталығы ашылды

Dalanews 26 мам. 2021 18:37 777

Шардара қаласынан «Дарын» дамыту орталығы ашылды. Мемлекеттік жол картасы 2020 бағдарламасы аясында іске асырылған дамыту орталығында 6-12 жас аралығындағы балаларға білім алады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықтың иесі Ақмарал Жақсылықова кәсіп бастау үшін мемлекеттен қайтарымсыз 3 млн 500 мың теңгелік грант жеңіп алған. Қазіргі кезде балалардың 90%-ы есте сақтау қабілетінің төмендігінен берілген ақпараттарды түгел қабылдай алмайды және өте баяу оқиды. Осы тұрғыда «Дарын» дамыту орталығы балалардың мәселесін шешуге атсалысатын болады.

Бұл орталықтың негізгі мақсаты – жылдам оқыту, есте сақтау қабілетін жақсарту, буындап оқуды меңгерту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру және барлық пәнді еркін меңгеруді үйрету.

Айта кетсек, орталықтың негізін қалаушысы Түркия мемлекеті, Измир қаласындағы Эге университетінен білім алған. Жылдар бойы жиған білімі мен ізденістің арқасында «Жадыны дамытуға» арналған авторлық кітабы жарық көрді. Сол оқулық бойынша балаларға білім беретін болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар