Бұдан бөлек, биыл мемлекеттік жекешелік әріптестік шеңберінде Шардара қаласында сметалық құны 166,5 млн.теңгені құрайтын 2 қабатты 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдің және Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 1 тұрғын үй құрылысы жүргізіледі.
Инфрақұрылым бойынша аудан тұрғындарының 17,3 пайызы табиғи газ көзіне қосылған.
– Елді мекендерді газдандыру бойынша аудандық бюджет есебінен 4 жоба әзірленуде. Жалпы 2018-2021 жылдар аралығында 16 елді мекенді газдандыру жоспарланып, нәтижесінде аудан тұрғындарының 99,5 пайызы табиғи газбен қамтылады. Ал ауызсумен қамтамасыз етуде аудандағы 25 елді мекеннің 13-і орталықтандырылған құбыр суын, 3 елді мекен ұңғыма суын, қалған 9 елді мекен тұрғындары құдық суын тұтынады. Аймақта құбыр суымен 73000 адам қамтылған, бұл аудан тұрғындарының 92 пайызы, – деді Болатбек Дүйсенбекұлы.
Бүгінгі таңда Шардара қаласы, Қоссейіт, Шардара, Көксу, Ұзыната ауылдарында ауыз су 24 сағат бойы берілуде. Сондай-ақ, аудан тұрғындарының 99,8 пайызы электр энергиясымен қамтылған.